» » » » Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе


Авторские права

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь можно купить и скачать "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе" в формате fb2, epub, txt, doc, pdf. Жанр: История, издательство ЛитагентSelfpub.ru (искл)b0d2ae6e-b0bc-11e6-9c73-0cc47a1952f2. Так же Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги на сайте LibFox.Ru (ЛибФокс) или прочесть описание и ознакомиться с отзывами.
Рейтинг:
Название:
Шежірем сыр шертсе
Издательство:
неизвестно
Жанр:
Год:
неизвестен
ISBN:
нет данных
Вы автор?
Книга распространяется на условиях партнёрской программы.
Все авторские права соблюдены. Напишите нам, если Вы не согласны.

Как получить книгу?
Оплатили, но не знаете что делать дальше? Инструкция.

Описание книги "Шежірем сыр шертсе"

Описание и краткое содержание "Шежірем сыр шертсе" читать бесплатно онлайн.



Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.






Әлбетте, тарихымызды әріден, тереңінен зерттеп білер кезіміз жеткенімен мұны біз бір әулеттің шежіресімен айтып та, жазып та бітіре алмайтындығымыз айқын. Қазақтығымызға қатысты мәліметтерді отандық дерек көздерінен ғана емес, Қазақ хандығы құрылмастан бұрынғы көне араб, қытай тіліндегі тарихи құжаттардан да іздестіріп, қарай отырып, табылған материалдардың басын құрап, іріктеп, аударып, жинақтап, ғылыми тұрғыдан жан-жақты негіздеп, тереңдетіп жазып шығу бір емес, бірнеше ғылыми институттар мен басалқалы ғалымдар және үлкен ғылыми кеңестер бас қосқан мемлекеттік комиссия жұмысымен шешілуі тиіс шара екендігі анық. Ал біздің қолымыздан келері – бар тапқан-таянған мағлұматтарымызға сүйене отырып, көпшілікке, мінберге мінген билік пен ресми ғылыми орындарға тек ой салып, түрткі болу.

Тексіз болғысы келмей кезінде осы тақырыпқа қалам сүйкеуге ұмтылғандардың бірі өзіміздің көпшілікке танымал үлкен ақын, жазушымыз, лингвист-зерттеушіміз Олжас Сүлейменов. Бірақ «Аз и Я» сияқты терең мазмұнды, жаһан елдері мен түркі әлемін дүр сілкіндірген тарихи-лингвистикалық сараптама, зерттеу еңбегімен әйгілі болған дарынды ақын, жазушымыздың «қазақ» сөзіне байланысты асығыс, үстірт айтылған пікірлері мен байламдары таңқалдырады.

Ол «Қазақ» атауын халқымыздың көне жыр-дастандарында, тұрмыс-тіршілігінде, ауыз-екі сөз саптауында жиі айтылып жүрген «қоңыр қазым», «қаз дауыстым», «қаңқылдаған алты қазым» сияқты эпитет, метафора, теңеулермен байланыстыра қарайды. Сөйте келе, бұл сөздердің тілімізде жиі қолданылуы тегін емес, «қазақ» сөзінің этимологиясы осындағы «қаз» сөзінің астарында жатыр дегенге бірақ апарады.

Осы ойын әрлі-берлі екшей келе, «Қазақ» атауы «қаз ақ» яғни «ақ қаз» деген сөз тіркесінен шығуы әбден мүмкін деп кесіп салады. Әрине бұған келісе алмаймыз. Себебі тілімізде осы «қаз» сөзінен кем-кетік жері жоқ «қарғам», «құлыным», «ботам», «арыстаным» дейтін өзге сөз тіркестері де толып жатыр емес пе. Оларды қайтеміз? Мәселен, алғашқысын алайық. Оны «қарғам келе жатыр», «қарға адым жерде жатыр», «қарға тамыр қазақпыз» деп түрліше түрлендіріп, ойнатып қолданып жүрген жоқпыз ба?

Халқымыз қадір тұтқан атақты ақын, биінің бірін де осы сөзбен қастерлеп, қарға бойлы Қазтуғаным деп атап кеткен жоқ па? Тілімізде "қаз"түбіріне негізделген бұдан басқа Қазбек, Қазкен деген есімдер, сондай-ақ Қаршыға, Бүркіт, Құралай сияқты тағы басқа қаншама адам аттары бар. Сұңқарым, арыстаным, қарлығашым атаулары да осы сияқты тілімізде өте жиі қолданылып жүрген сөз тіркестері. Оларды қаз сөзімен салыстыра қарасақ, одан артық болмаса, олқы түсіп жатқан тұстарын көрмейміз. Ендеше, халқымыздың ныспысын кезінде қаз сөзі секілді осы сөздердің бірімен де атай салуымыз мүмкін еді ғой деген түрткіл ой бастан шықпайды.

Өзіңіз ойлап көріңізші, елімізді «қазақстан» емес, «арыстанстан», «сұңқарстан» деп атасақ қалай болар еді, ақылға сияр, көңілге қонар ма еді? Әлбетте, жоқ. Бұдан шығар қорытынды біреу-ақ. Кезінде тылсым табиғатпен біте қайнап, тілдесе, сырласа өскен көшпелі халқымыз ардақтылары мен құрметтілерін, сүйіктілері мен сыйлыларын күнде көріп жүрген сырттан жануар, құстар атымен асқақтатып, бейнелеп атаған. Бірақ ұлыс пен ұлт болып тарихи тұрғыдан топтасар шақта, олар өз атауын құс-жануар аты емес, өзгелер сияқты оны құраушы белді де беделді ру-тайпалар немесе солар бірлескен ортақ ұлыс атауынан алары анық. Ұлт болып қалыптасар кезде қай елдің болмасын осы жолдан өтерін ғылым мен тарих бізге дәлелдеп беріп келеді.

Ал ендігі бір зерттеушілеріміз бұл терминді 15 ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтар болсақ, 1456 жылы Әбілхайыр хан билеген көшпелі өзбектердің «Көк ордасынан» өз алдына хандық құру үшін бір түнде үдере көшіп, бөлініп кеткен Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған ру-тайпалар атауының ел аузында «қашақтар» деп аталып кетуімен байланыстырғысы келеді. Бұл да аса қисынға келмейтін тұжырым. Себебі жеке хандық құрып, іргелі ел болуды аңсаған жұрт өз мемлекетін біреулердің аузынан кездейсоқ шыққан алып-қашпа, жел сөзбен орайластыра «қашақ» деп атай салуы ешбір сын көтермейтін жайт.

Осы ретте, қазақ тарихын алғаш болып зерделеген зерттеушілердің бірі, орыстың аты алты алашқа мәшһүр этнограф-ғалымы Семёнов-Тяньшанскийдің (А.А.Семенов): «Бір жолғы көштен (actus) бір халық, оның ат-атауын тудыруға болмайды»,– деген аталы пікіріне қосылмасқа болмайды.

Тарих та, этностардың туып, қалыптасу барысын сараптап, саралаушы этногенез ілімі де: ру-тайпалар атауы олардың көсемдері мен жұрты ойлап табар немесе жеребе тастап қоя салар ат емес, бұл даму барысында оларды ділдік, тілдік, жер-жапсар, тұрмыс-салт, экономикалық өмір сүру ерекшеліктеріне орай топтастырар, сөйтіп жұртты әрі қарай да туыстық қарым-қатынастарға жұмылдырып, ұстап тұрар, тарих тереңінен қайнар бұлақ суындай өздері жөн тауып жарып шығар этногенездік күші бар атау екендігін айтады. Бұдан ат қою мәселесі, кейбіреулер ойлайтындай, еріккеннің ермегі, оңай іс емес екендігін байқайсыз.

Біздіңше, ел арасында қаншама беделді болғандарымен қос сұлтанға мың сан жұртты үлкен ордадан бір түнде тез бөліп әкету әсте оңай іс емес екендігі анық. Тек "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара" жұмыла әрекет етуге үйренген топты ғана осылайша жылдам бөліп әкетуге болатындығы белгілі. Сондықтан қос сұлтанға ілесіп, үдере көшкен ру-тайпалар, жоғарыдағыша, тілімен, ділімен, дінімен, күнделікті ұстанған өмір салты, тіршілігімен, мақсат-мүдде күшімен ортақтасып, ұйыған, бұрыннан-ақ ұрандатып ұйымдасқан ортақ атаулары бар топ екендігі күмән туғызбайды.

Өмір сүру идеологиясы қан мен текке негізделген ру-тайпалық құрылымда тұрмыс кешкен халқымыздың о заманда басқаша топтасып, ұйымдасар жолы болмағандығы бесенеден белгілі. Сол себепті, айтпағымыз, аттары бар болғасын жеке отау боп бөлінгеннен кейін олар хандықтарына жаңа атау іздеп әсте әбігерге түскен жоқ. Бір кездері өмір кешкен, ерлік дәстүрлері ертеден-ақ бәрінің аузында, жыр-дастандарында айтылып келе жатқан, бәріне ыстық, ортақ, бәрін ұйытып, осы күреске бір кісідей жұмылдыра білген бабалары құрған ертедегі «Қазақ ұлысы» атымен «Қазақ хандығы» деп, ал өздерін солардың ұрпағы қазақтармыз деп атамағандықтарына кім кепіл дегіміз келеді.

Ал елді осы күреске бастап шыққан қос сұлтанның іс-тірлігіне келер болсақ, жұртты төңірегіне бұлайша топтастырып, бөліп әкету тек бір олардың тілек пен жігер күшінен тумағандығы мәлім. Оларды бұлай істеуге итермелеп, мәжбүрлеген қоластындағы ру-тайпалар жұртының түрлі тарихи себептерге байланысты бір кездері ыдырап, жойылып кеткен құзырлы ұлыстарын қайта жаңғыртып, құрғысы келген ғасырлар бойғы тілегі мен арман күші еді дегіміз келеді.

Сондықтан оларды бүлікшіл сұлтандар емес, Әбілхайыр ханның езгісінен жәбір көріп, оның билігіне енді төзіп, көңгісі келмеген ру-тайпалар мүддесін өз мүдделерімен тиімді ұштастыра білген қозғалыс серкелері, көсемдері десек ақылға қонымды, сыйымды сияқты.

Егер сол кездері соңдарында рухы, тіршілігі, салт-дәстүрі бір, отырықшылықтан гөрі, көшпелі мал шаруашылығымен айналысуды көбірек мансұқ еткен, ортақ атпен ұрандатып ұйымдасқан, хан сескенердей тас-түйін бекініп топтасқан туысқан ру-тайпалар жұрты тұрмаса қос сұлтанға өз дегендеріне жету, Әбілхайыр ханның қанды құрығынан құтылып кету әсте қиын еді. Тарихтың қоғаушы күші қашанда халық дегенімізде осыны айтпақпыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітованың "У истоков государства казахов"атты мақаласында келтірген: "Конечно, образование Казахского ханства не было связано только с откочёвкой Гирея и Джанибека. Процесс развития казахской государственности был обусловлен всем хозяйственным, социальным, политическим развитием средневекового Казахстана и особенностями этнической истории казахов. Откочёвка явилась лишь событийным отражением одного из важных этапов становления казахской государственности",– дейтін тұжырымдары мұның растығын дәлелдей түседі ("Казахстанская правда". 22.06.2012 г.).

Біздің бұл байламдарымыз сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Есенғазының 2014 жылы 11 қарашада "Жас алаш" газетінің 89 нөмірінде шыққан "Өз ұлтыңның тарихын бұрмалау–өз әкеңді өзің ұрып өлтіргенмен бірдей" деген мақаласында келтірген:"Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың әділетсіз үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті", – деген пікірлерімен де жақын қабысып жатыр.


На Facebook В Твиттере В Instagram В Одноклассниках Мы Вконтакте
Подписывайтесь на наши страницы в социальных сетях.
Будьте в курсе последних книжных новинок, комментируйте, обсуждайте. Мы ждём Вас!

Похожие книги на "Шежірем сыр шертсе"

Книги похожие на "Шежірем сыр шертсе" читать онлайн или скачать бесплатно полные версии.


Понравилась книга? Оставьте Ваш комментарий, поделитесь впечатлениями или расскажите друзьям

Все книги автора Тажис Мынжасар

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте на сайте онлайн библиотеки LibFox.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Отзывы о "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе"

Отзывы читателей о книге "Шежірем сыр шертсе", комментарии и мнения людей о произведении.

А что Вы думаете о книге? Оставьте Ваш отзыв.