» » » » Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе


Авторские права

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь можно купить и скачать "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе" в формате fb2, epub, txt, doc, pdf. Жанр: История, издательство ЛитагентSelfpub.ru (искл)b0d2ae6e-b0bc-11e6-9c73-0cc47a1952f2. Так же Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги на сайте LibFox.Ru (ЛибФокс) или прочесть описание и ознакомиться с отзывами.
Рейтинг:
Название:
Шежірем сыр шертсе
Издательство:
неизвестно
Жанр:
Год:
неизвестен
ISBN:
нет данных
Вы автор?
Книга распространяется на условиях партнёрской программы.
Все авторские права соблюдены. Напишите нам, если Вы не согласны.

Как получить книгу?
Оплатили, но не знаете что делать дальше? Инструкция.

Описание книги "Шежірем сыр шертсе"

Описание и краткое содержание "Шежірем сыр шертсе" читать бесплатно онлайн.



Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.






Ұлыс пен оның құрамына кірген ру-тайпалар туралы зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы да төмендегідей қызғылықты деректер келтіріледі: «…оныншы ғасырдағы Византия императоры Константин Порфирородный Кубаннан шығысқа қарайғы жерлерде «Касахия» деген жұрт жатыр»; «…орыс жылнамаларындағы «касог», грек тақуасы Епифани (VIIIIX ғ.ғ.) жазбаларындағы Кавказ төңірегінде мекендейтін «касогдиане» елдері туралы мәліметтер «қазақ» атауының осы төңіректе әуелден-ақ көрініс бергенін байқатады»; «Тарих осы замандарда Қазақия құрамында қазіргі қыпшақ тектес қарашай, балқар, құмықтардың арғы бабаларының да болғанын, бәрінің қазақ атымен қауымдасқанын ортаға тартады. Олар ғана емес, кабарды, черкес атты тілі бөлек жұрттар да қазақ атымен танылған.

XIII ғасырдағы моңғол жорығы Дешті Қыпшақтың батысындағы Қазақияны да шайқап өтті. Сол аласапыран кездері өзара тектес черкес, кабарды, қарашайлар, абазиндер черкес бас болып қазақтан ірге айырған сияқты. Дегенмен, талай уақыт аралас-құралас боп келген жұрттардың этникалық қарым-қатынасының іздерін осы күндері байқауға да болады. Жазушы Әнес Сараев Байұлы құрамындағы Шеркеш руы «Қазақия қазақ, черкес боп екіге бөлінгенде» қазақтар құрамында қалған ел болуы мүмкін дегенді айтады. Қазақ шеркештерінің ұраны–«Шағырай». Ал черкестерде «чахаркас» деген ата кездеседі абазиндер арасында әлі күнге дейін шегірей руы бар» («Кіші жүз шежіресі». «Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы. 4 наурыз). Бұл мәліметтер қазақтар құрамына кірген түркі рулары туралы ақпар бере отырып, ұлыс тарихын енді X–XI ғасырлардан асырып, VIII–IX ғасырларға жеткізіп тастайды.

Ғалым-тарихшымыз Мұхамеджан Тынышпаев та өзінің жоғарыда аталған «Қазақ руларының генологиясы» атты зерттеу еңбегінде Қара теңіз бен Каспий теңіздері аралығындағы құйқалы жерді қоныстанған, құрамында беріш, черкес жұрттары бар Қазақия ұлысы болған деген деректерін келтіреді. Мәселен ол Қытайдың VII ғасырға жататын деректемелерінде («Тан патшалығының жаңа тарихы») Арал мен Хазарлық Каспий теңізінің аралығын мекендеген жұрттың «хаса», «каспилер» деп аталғанын әңгімелейді. Бұл, көріп отырсыздар, ұлыс тарихын енді VII ғасырларға апарып тірейді.

Қазақстандық ғалым-тарихшы Е.П.Алексеева да өзінің 1971 жылы жарық көрген «Көне және ортағасырлық Қарашай-Черкес тарихы» деген еңбегінде ертеректе құрылып, өркендеген Қазақия мемлекеті жөнінде айтып кетеді. Ол оның даму, қалыптасу кезеңдерін: VI–VII ғасырларда Батыс-Түрік қағанатының осы өңірді қамтуына, IX–X ғасырларда Сыр бойындағы қаңлы бірлестігіне қарайтын бешенектердің батысындағы осы аймаққа жылжуына және XI ғасырларда бұл мекенге қыпшақтардың лек-лек болып қоныс аударуына байланысты үшке бөліп қарап, оның о бастан түркі өркениетінің төл түлегі болғандығы туралы жазады. Демек Е.П.Алексеева қазақтар тарихын енді VI ғасырлардан бастайды.

«Қазақ» сөзінің этимологиясы, яғни шығу төркіні жөнінде әңгімелегенімізде оның түркі тобына жататын Сағай, Қойбол (В. Радлов. «Опыт словаря тюркских наречий. ІІ т. І бөлім. 629 б.) және Хакас («Хак.-рус. словарь». 1953 ж. 284 б.) тілдеріндегі мағынасы «қосу, үстеу, қосымшалау» дегенді білдіретін «козак» және «хозак» сөздерімен дыбысталуы өте ұқсас екендігін айта кету керек. Ал егер тіліміздегі «бірігу, одақтасу, ұлыстасу» сияқты сөздер олардың синонимі болса, онда түрлі ру-тайпалар бірлестігінен, одағынан, ұлысынан тұратын Қазақия тек дыбысталуы жағынан ғана емес ішкі мазмұны, мағынасы бойынша да жоғарыда келтірілген қос сөздің баламасы дерлік. Ендеше, Сағай, Қойбол, Хакас тілдері кезінде Қазақия болып біріккен көне ру-тайпалардың ортақ тілі болуы да ғажап емес. Демек, бұл тайпалар жұртын да түрлі тарихи себептерге байланысты бөлініп кеткен, тілі мен тілегі бір бұрынғы Қазақия ұлысының сынықтары деп топшылауға әбден болады.

Облысымызға ғана емес елімізге кең танымал этнограф, тарихшы ғалым, жазушы, журналист, тараздық жерлесіміз, марқұм Амантай Айзахметов те осы тақырыпты аша түсу үшін көп еңбектенген жан. Ол елбасына ұсынған «Колыбель царей человечества» атты зертеу еңбегінде «Қазақ» этнонимінің қайдан, қалай шыққандығы туралы деректерді осы ұлыстың тарих аренасынан алғаш көріну фактілермен ұтымды ұштастыра отырып, бізге қызғылықты түрде әңгімелеп береді. Ол не дейді екен, енді соған жүгініп көрейік.

Кітабының «О зарождении этнонима «Казах» деген бөлімінде тарихи деректерге сүйене отырып: «Карамзин, основываясь на русских летописцев, утверждает, что Святослав в 968 году где-то к северу от реки Кубани разбил косогов. Писатель Х века, византийский император Константин Порфирородный, местность на востоке от Таматарахи (Тмутаракань), бассейна реки Кубани называет «Казахией». Г.Эверс пологает, что арабский писатель Масуди (умерший в 965 году) именно эту страну называл «Кашеком», купцы коей посещали Трапезунд; и что народ «кашек», упоминаемый и другим арабским писателем Ибн-аль Варди, не что иное как «косоги» или «казахи». Левшин утверждает, что знаменитый персидский поэт Фирдоуси, живший около 1020 года, в своей поэме Рустем упоминает о «казаках и казакских ханах». Русский князь Мстислав Владиморович в 1022 году покорил Тмутарканскому княжеству «косогов», которые еще в 1065 году платили ему дань; Карамзин к этому добавляет, что «убитый Мстиславом в единеборстве богатырь Редега был косожский князь». По Никоновской летописи, монголы при первом нашествии в 1223 году, пришли со стороны Кавказских гор, пройдя через землю «касахов», разбили кыпчаков и южнорусских князей на р. Калке и ушли на восток (Стр.110), – дей келіп, Тарихтағы Қазақия ұлысының қалыптасу кезеңінің қаншалықты көне екендігі туралы мәліметтер береді.

Бұл жерде А.Айзахметов тарихшы А. Левшинге сілтеме жасағанда оның: «Описание киргиз-кайсакских или киргиз-казачих орд и степей» атты еңбегінің 40-бетіндегі: «Достоверно то, что Фирдевси или Фердуси, живший около 1020 года, то есть за два столетия до появления монголо-татар на Западе, в истории Рустема, упоминает о народе казахах и ханах казахских»,-деген тұжырымдары туралы айтып отыр.

Тараздық тарихшы бұдан кейін: «Когда с севера пришли варяги и образовали на берегу Днепра русское княжество, то южнее его уже стояло Тмутороканьское княжество, именуемое Казахией», – деп жоғарыда айтылған ойын әрі қарай сабақтайды. «Азакэто военно-административная единица асовцарей, или другими словами, их военная гвардия. По поему мнению, военно-административная единица «ас ок» стала современем самостоятельным и не зависимым от асов–царей племенем и термин «ас ок» трансформировался в «азак», а затем и в общеизвестный термин«сак». А термин «казак», то есть «кайсак»–это племенной союз царственных каи и военно-административных единиц асовцарей, ставшими к этому времени самостоятельными племенами и уже носившими название «сак». Этот племенной союз получил название «каисак», который и положил начало этнониму «казак»,-деп «қазақ» сөзінің тіптен әріден, сақтар заманынан бастау алатындығын айтып, осы атауды алғаш иеленген тайпалар одағының атын атап, түсін түстеп түсіндіріп береді. «…союз каи и саков (каисак) среди всех других племен и племенных союзов, входивших в эту конфедерацию, играл главенствующую роль и был преобладающим в численном отношении, то поэтому, я думаю, эта земля и называлась Казахией»,- деп ойын әрі қарай ширата түседі. Ал ендігі бір сөзінде: «Я считаю, что этноним «казах» зародился намного раньше эпохи возкникновения Казахского ханства Джанибека и Гирея,о чем свидетельствуют византийские, мусульманские и древнерусские источники»,– деп біздің әңгіме басында Керей мен Жәнібек сұлтандар және қазақ атауы жөнінде айтып кеткен жорамал-пікіріміздің шындықтың ауылынан аса алыс кетпегендігін деректерімен растап береді («Колыбель царей человечества». О зарождении этнонима "Казах". Тараз. "Сенім" баспасы. 2001 ж. 98–103 б.б.).


На Facebook В Твиттере В Instagram В Одноклассниках Мы Вконтакте
Подписывайтесь на наши страницы в социальных сетях.
Будьте в курсе последних книжных новинок, комментируйте, обсуждайте. Мы ждём Вас!

Похожие книги на "Шежірем сыр шертсе"

Книги похожие на "Шежірем сыр шертсе" читать онлайн или скачать бесплатно полные версии.


Понравилась книга? Оставьте Ваш комментарий, поделитесь впечатлениями или расскажите друзьям

Все книги автора Тажис Мынжасар

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте на сайте онлайн библиотеки LibFox.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Отзывы о "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе"

Отзывы читателей о книге "Шежірем сыр шертсе", комментарии и мнения людей о произведении.

А что Вы думаете о книге? Оставьте Ваш отзыв.