» » » » Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе


Авторские права

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь можно купить и скачать "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе" в формате fb2, epub, txt, doc, pdf. Жанр: История, издательство ЛитагентSelfpub.ru (искл)b0d2ae6e-b0bc-11e6-9c73-0cc47a1952f2. Так же Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги на сайте LibFox.Ru (ЛибФокс) или прочесть описание и ознакомиться с отзывами.
Рейтинг:
Название:
Шежірем сыр шертсе
Издательство:
неизвестно
Жанр:
Год:
неизвестен
ISBN:
нет данных
Вы автор?
Книга распространяется на условиях партнёрской программы.
Все авторские права соблюдены. Напишите нам, если Вы не согласны.

Как получить книгу?
Оплатили, но не знаете что делать дальше? Инструкция.

Описание книги "Шежірем сыр шертсе"

Описание и краткое содержание "Шежірем сыр шертсе" читать бесплатно онлайн.



Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.






Бірақ бір айта кететін жайт біз Сайдаққожа Жүсіпұлының осы еңбегінде (Жүзге кірмейтін қазақ рулары."Ана тілі" газеті. 15.04 2005 ж. 5 б.) Орта жүздің құрамында бар қыпшақ, қоңырат, тарақты руларынан кезінде оқшауланып, бөлініп қалған олардың осы аттас сынықтарын жүздерге қосылмайтын рулар деп ерекшелеп атауына әрине қосыла алмаймыз. Қисыны жоқ сияқты. Қазақ елінің қай түкпірінде жүрсе де, қай жерін мекендесе де оларды о баста өздері бастау алатын басты рулардан бөлектеп, жүздерге кірмейтін топтарға жатқызатындай не бар десеңізші. Олар бәрібір сол баяғы бір қыпшақ, бір қоңырат, бір тарақты емес пе деп бұл турасындағы әңгімемізді тамамдағымыз келеді.


ЖЕҢГЕ, КЕЛІНДЕР МЕН КҮЙЕУ БАЛАЛАР ХАҚЫНДА


Бұл аталған қос жүз бен жүзге кірмейтін рулар тобы ішінде, жоғарыда атап кеткендей, құда-жекжаттарымыз, нағашыларымыз, шешелеріміз бен үлкенді-кішілі жеңешелеріміз, келіндеріміз бен күйеу балаларымыз, араласып жүрген етене жақын жора-жолдастарымыз көп болғасын артықтық етпес деп жазып отырмыз. Мәселен, әулетіміздің 5 келіні: Фатима, Еренкүл, Күлия жеңешелеріміз бен біздің үйдегі Сәуле мен Жарқынбек бауырымыздың шаңырағындағы Айгүл келіндеріңіз сиқымның аққойлы, қарақойлыларынан. Шешеміз Мейрамкүл мен Алтынбек бауырымыздың үйіндегі Зара жеңешеміз бен Алмас, Мұрат бауырларымыздың отбасындағы Гүлнәр, Ақгүл келіндер жаңабайдың қыздары. Жаңыл, Күлсара жеңешелеріміз шапыраштыдан, Айтмахан ағамыздың жары Райгүл жеңгеміз дулаттың шуылдағынан. Асан бауырымыздың үйіндегі Роза жеңешеміз бен Елмира қарындасымыздың күйеуі Әзімхан көне қаңлы руынан. Ал Баис пен Ермек бауырларымыздың келіншектері Гүлнәр (Шамшахан), Аида ойықтың қызылқұртынан, Өтеміс пен Қалдыбек бауырларымыздың келіншектері Сая мен Нұрпия тарақтыдан. Жоламан ініміздің үйіндегі Шынар келін жаныстан, күйеу баласы Нұржан ұлы жүздің шанышқылы руынан, ал жаңа түскен келіндері Асылай бектемістен. Ал Арслан ініміздің келіншегі Шолпан мен Асылбек ініміздің алғашқы әйелі Сәуле арғыннан, кейінгі алған Жанаты найманнан. Болат пен Руслан бауырларымыздың келіншектері Ақмарал мен Меруерт ысты мен жалайырдан. Сапарбек ағамыздың кенже ұлы Нұржанның келіншегі Анар орта жүздегі уақтың сіргелі аталығынан.

Ал Болат пен Мұрат бауырларымыздың тамырында Айымкүл жеңешемізден ауысқан, жанбайлардың арасында лақап ныспымен «Нақөз» деп аталып кеткен әйгілі араб жұртының да қаны бар. Халқымыз шежіресінде «Нақөз» жұртының атауын кезінде «Нөкіс» деп тілін сындыра дыбыстап, жаныс руының жанбай атасының құрамына енгізген. Жанбайлардың қатарына қосқан себебі бөлек хикая. Дегенмен қысқаша қайырар болсақ, жанбай сұлуы Ақбілекке үйленген араб патшазадасы қайтыс болған соң, оның ұлы Жиенбет нағашыларының қолында қалып, өсіп-өнеді. Көбейгеннен кейін жанбайлар оларды өз ішінен жеке рулы ел етіп, бөліп шығарады. Әңгімеміздің негізгі арқау, желісінен шығып кетпеу үшін Нақөз жөніндегі аңыз, хикаямызды оқимын дегендерге шежіреміздің соңындағы қосымша тарауда беріп отырмыз.

Бәрін тізіп айта бермесек те, Шүкір баурымыздың құдай қосқан қосағы Алтын мен Роза қарындасымыздың үйіндегі белгілі журналист, жазушы Мақұлбек ошақтының түлектері екендігін атап кету керек тәрізді. Ал өзімнің бел құда-құдағиым Есдәулет пен Айгүл, келінім Жанерке және Астанада тұрып жатқан Сәуле қарындасымыздың жан жары, елге танымал, белгілі кардиолог-хирург Ермаханбет, Марат ініміздің келіншегі Назира мен қарындасы Инараның құдай қосқан қосағы Нұрлан күні кешелері күрестен "Қазақстан барысы" атағын жеңіп алған Айбек Нұғмаровтай айтулы палуан шыққан көне найман руының ұл-қыздары екендігі белгілі. Есдәулет құда Терістаңбалы, Сарыжомарт, Төлегетай деп аталатын үлкен үш рудан тұратын найман елінің соңғысынан бастау алатын әйгілі қаракерей Қабанбай батырдың інісі Байжігіттен өрбісе, Айгүл құдағи осы Төлегетай ішіндегі Қаракерей інісі Мұрын ұрпағынан тарайды. Баис бауырымыздың күйеу баласы Берік белгілі сәмбет руынан, Шәдек ағам әулетіндегі қарашаңырақ иесі Бек ініміздің үйіндегі Айгүл келін ұлы жүздің қапалынан. Ал Шүкір бауырымыздың ұлдары: Алмаздың келіншегі Айткүл жүзге кірмейтін төлеңгіттен, кішісі Азаматтың келіншегі Динара орта жүздің керейінен.


8 бөлім


КІШІ ЖҮЗ БЕН ӘЛІМҰЛЫ ХАҚЫНДА


Әлқисса, әулетіміз де, өзіміз де ру-тайпаларының бірінен тарайтын болғандықтан, ендігі әңгімеміздің арқауы кіші жүз жөнінде болмақ. Соған кеңірек тоқталайық.

Жоғарыда «Кіші жүздің» алшындардан тұратын 3 топ: Әлімұлы, Байұлы, Жетірудан тұратындығын айтып кеттік. Байұлы: Адай, Алтын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Есентемір, Қызылқұрт, Шеркеш, Ысық, Таз, Масқар деп аталатын он екі атадан тұрады. Оларды Он екі ата Байұлы деп атайтындығы да содан (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1975 ж. Кіші жүз. 6 т. 192193 б.б.). Осы ретте ондағы қос ата Алтын, Жаппасты ел арасында қосып Алшын–Жаппас деп атайтындар бар. Өз алдына жеке Алшын деген ру жоқ. Бұл жөнінде алдымызда әлі әңгіме етеміз. Сөзіміздің бас жағында айтып кеткенбіз, шежірешілер де, тарихшылар да бүкіл кіші жүзді алшын деп атайды. Олардың аузында жиі айтылатын "Ұлы жүзүйсін, Орта жүзарғын, Кіші жүзалшын" деген қанатты, қағидалы сөздер де содан қалған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1974 ж. Жүз. 4 т. 520–521 б.б.).

Он екі ата Байұлының Байбақтысынан өрбитін Әлтекенің Қалматайынан зауытымыздың іргетасы мен кесегі енді қалана бастаған сонау 1976 жылдан бері 40 жылдай, демек бір азамат ат жалын тартып мінердей уақыт үзбей жұмыс істеп, оның Конструкторлық-жобалау бөлімін табысты басқарып келе жатқан біз білетін Қыдырғали Аманғалиұлы Темірғалиев тарайды. Еселі еңбегі үшін бірнеше рет облысымыз бен компанияның мақтау грамоталарымен, ал 2014 жылы үкіметіміздің «Еңбек ардагері» деген құрметті медалімен марапатталған ол зейнет жасына жеткеніне қарамастан әлі күнге дейін арамызда жұмыс істеп келеді. Таңаткүл екеуі 2 қыз, 1 ұл өсіріп, ата деп мойнына асылар 8 немере тәрбиелеп отырған жандар. Ал онымен бірге істейтін, ендігі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып үлгерген Серік Тоқашұлы Ақұпов Он екі ата Байұлының адайынан тарайтын еңбегімен елеулі іскер түлек.

Ал Жетіру: Табын, Тама, Кердері, Жағалбайлы, Керейіт, Тілеу, Рамадан деп аталатын жеті атадан тұрады. Еліміздің әнұранын жазған, халқымызға кең танымал, атақты әнгер, сазгер Шәмші Қалдаяқов осындағы жағалбайлы түлегі. "Сұрасаң руымдыЖағалбайлы, Жылқысын көптігінен баға алмайды. Жылқының көптігінен бұл Шәмшіңіз, Мінуге қотыр тай да таба алмайды",– деген әзіл-оспақты жыр жолдары оның өз аузынан жазылып алынған шумақтар (Нармахан Бегалыұлы. Төрт тараптан түскен нұр. Егеменді Қазақстан газеті. 3 б.).

Ел ішінде ежелден аға баласының ұрпағы деп саналып, алдымен аталып жүргендіктен, сосын өзіміз де осы Әлімұлынан болғандықтан әңгімемізді осы Әлімұлы ру-тайпалар одағын талдап, тарқатумен жалғастырғанымыз жөн сияқты. Қазақ Совет энциклопедиясында Әлімұлына мынандай анықтама беріледі: «ӘЛІМҰЛЫ–Кіші жүз құрамындағы рулар одағы. Кейде «Алты Әлім» деп те атайды. Оған кіретіндер: Қарасақал, Қаракесек, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекей, Шекті, Қаракесек, Төртқара рулары Орал, Торғай обл-тарын, Сырдария обл-ның Қазалы, Перовск уездерін, ҚарасақалҚазалы маңын, Кетенегізінен Бөкей ордасын, Орал обл. мен Ақтөбе уезін мекендеген. Ә-ның таңбасыАлшын таңбасының қосарланып өзгерген түрі() (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1973 ж. 2 т. 38 б.).

Осы ретте шежірешілер аузында жиі айтылатын «Әлімұлы» түсінігін «Алты ата Әлім» атауымен шатастырып алмау керектігін айтып кеткіміз келеді. Өйткені алғашқысымен «Әлімұлы» одағына кіретін ру-тайпалар санының алтау екендігі көрсетілсе, кейінгісімен Әлімнен тарайтын ұрпақтың алтау екендігі меңзеледі. Жұрттың шатасатындығы «алты» сандарының бір-біріне сәйкес келіп, қайталап келіп тұрғандығы. Жұрт дейміз, ғалым, шежірешілеріміздің өзі кейде «Алты ата Әлім» туралы айтып келе жатып, «Әлімұлы» одағы жайлы әңгімеге ауысып кеткенін байқамай қалады. Мәселен, ғалым, зерттеуші А.И.Левшин (1798–1879) мен Абайдың немере інісі, баршаға мәлім ақын, жазушы, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931) Әлімұлын: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шөмекей, Шекті, Кете деп таратса, ал ақын, жырау Қолдайбекұлы Ерімбет (1850–1911) оны: Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тайқожадан (Ақ кетеден) тұрады дейді (Интернет. Ру (род) – Шомекей / История происхождения рода / Asekbook Ас Кос. 29.03.2011. Просмотров (10032). Метки: история происхождения рода). Соңғысында, көріп отырсыздар, Шөмекей аталмайды. Сөз жоқ, онда әңгіме Әлімұлы жөнінде емес, Алты ата әлім туралы болып отыр. Алты ата әлім мен Әлімұлын, біздіңше, шатастырып отырған тіпті Ерімбет жырау емес, оның сөзін жаңылыс көшіріп жазушы кейінгі зерттеушіміз бе дейміз.


На Facebook В Твиттере В Instagram В Одноклассниках Мы Вконтакте
Подписывайтесь на наши страницы в социальных сетях.
Будьте в курсе последних книжных новинок, комментируйте, обсуждайте. Мы ждём Вас!

Похожие книги на "Шежірем сыр шертсе"

Книги похожие на "Шежірем сыр шертсе" читать онлайн или скачать бесплатно полные версии.


Понравилась книга? Оставьте Ваш комментарий, поделитесь впечатлениями или расскажите друзьям

Все книги автора Тажис Мынжасар

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте на сайте онлайн библиотеки LibFox.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Отзывы о "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе"

Отзывы читателей о книге "Шежірем сыр шертсе", комментарии и мнения людей о произведении.

А что Вы думаете о книге? Оставьте Ваш отзыв.