» » » » Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе


Авторские права

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь можно купить и скачать "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе" в формате fb2, epub, txt, doc, pdf. Жанр: История, издательство ЛитагентSelfpub.ru (искл)b0d2ae6e-b0bc-11e6-9c73-0cc47a1952f2. Так же Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги на сайте LibFox.Ru (ЛибФокс) или прочесть описание и ознакомиться с отзывами.
Рейтинг:
Название:
Шежірем сыр шертсе
Издательство:
неизвестно
Жанр:
Год:
неизвестен
ISBN:
нет данных
Вы автор?
Книга распространяется на условиях партнёрской программы.
Все авторские права соблюдены. Напишите нам, если Вы не согласны.

Как получить книгу?
Оплатили, но не знаете что делать дальше? Инструкция.

Описание книги "Шежірем сыр шертсе"

Описание и краткое содержание "Шежірем сыр шертсе" читать бесплатно онлайн.



Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.






Жоғарыда айтып кеттік, тағы да айтамыз. Қызығы сол, сонау кездерден бастап, осыған дейін бірде-бір зерттеуші, "ішің білсін әлу-ай" демекші, өз еңбектерінде осы екі атау-түсініктің жұрт арасында дау-дамай туғызып жүрген осы айырмашылығын атын айтып, ара жігін ашып, дұрыс түсіндіріп бере алмай келеді. Нәтижесінде күні бүгінге дейін өздерін де, өзге оқырмандарын да адастырып жүр. Сондықтан, өз шежіремізде алғаш болып осы мәселенің басын ашып, тігісін жазып берсек дейміз.

Бірлестік атауын шежіре, деректерде қатар айтылып жүрген «Алты ата Әлім» түсінігімен шатастырмай, ажырата білуіміз үшін оны әрқашан осылай, Әлімұлы деп атағанымыз оңтайлы да дұрыс сияқты. Керек десеңіз, М.Тынышпаев жоғарыдағы еңбегінде бірлестікті «Әлімұлы» емес, "Қаракесек тобы" деп атаған жөн дейді. Сөзінің қисынды болатын себебі Әлімнен тарайтын алты ұл да, Шөменнен өрбитін Шөмекейлер де, кетелер де, бәрі бір ортақ ата Қайырбай-қаракесектен тарайтыны белгілі.

Мұның дұрыстығын тарихшылар С.Асфандияров, С.Толыбеков, О.Миданов, зерттеуші К.Салғарұлы, шежіреші А.Ахметовтар құптап, қуаттайды. Бірақ ертеде жазылған бүкіл дерлік шежіре, жазуларда бірлестік «Әлімұлы» деп аталып кеткесін шара бар ма. Бірлестіктің «Әлімұлы» аталуы оның негізін сол кездері абырой-атағы асқақтап тұрған әулеттің үлкені Әлім ата құрғандықтан, бірлестікке алдымен соның ұрпақтары кіріп, саны жағынан олардың өзгелерден басым болғандығынан деп санаймыз.

Әлімұлы бірлестігіне Әлімнің Ұланағы–Қаракесек, Жаманағы–Шекті, Қарамашағы–Төртқара, Айнық пен Тегінболат ұрпақтары–Қарасақал, ал оның Кетебикеден туған Тайқожасы мен осы анадан дүниеге келген Байсарының Бозаншары және әкесі асырап алған Сәду (Ожырай), сонымен бірге Шөменнің Түменқожасы төрт аталық Кете деген лақап аттармен енеді. Ал алтыншы болып, Шөменнің бәйбішесінен туған Шөмекей атымен оның 4 ұлы: Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек кіреді деп мәселенің басын ашып, кесіп айтпақпыз.


ТЕГІМІЗДІ ШӨМЕН БАБАДАН ТАРҚАТУ КЕСТЕСІ

Г.Спасский жазбаларында желдер–джидлер, тоқалар–туки, ал көнектер– куняки деп орысшаланып беріледі.




2-кесте




3-кесте


Алдияр мен Сарт – бір ата. Сарт–Алдиярдың лақап аты дейтін де деректер бар.




4-кесте




5-кесте


Сондықтан «Алты ата Әлім» немесе «Алты Әлім» дегенде Әлімнің өз белінен тарайтын балалары Ұланақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнық және Тегінблат, Тайқожаны айтамыз да, ал «Әлімұлы» дегенде кестеге оның Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шекті деп лақап аттармен бірігіп кіретін аталықтары, ал бесінші болып кете деп бір атаумен ныспыланған Кетебике анадан тарайтын ұрпақтар, ал алтыншы болып бұл кестеге шөмекей деген атпен одан тарайтын, жоғарыда аталып кеткен төрт–Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек аталары енетіндігін айтамыз.

Шөмекейді бұлайша бір ата емес, төрт ата деп беруіміздің себебі бар. Өйткені әйгілі Әйтеке би шежіресінде осылай деп айтылады. Онда «Әлімұлы» бірлестігіне «Алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей кіреді», деп анық жазылған. Бұл 1680 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мешітінде билер мен ру басылары, батырлардың қатысуымен өткен, Тәукені ақ киізге көтеріп хан сайлайтын үлкен жиында кіші жүздің төбе биі Әйтекенің алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей, он екі ата Байұлы, мен жеті ата Жетірудың атынан 33 шарды толық салдыртып, Тәукенің Қазақ хандығы тағына отыруын қуаттаған ісінен де анық көрінеді (Қойшиев Өтеген Әбілдәұлы. «Тұлға». «Мұсылман» жұрналы. № 2. 2008 ж. Алматы. 9 б.). Шөмекей атадан тарайтын төрт ұрпақтың Әлімұлы бірлестігі құрылмастан көп бұрын болғандығы жөніндегі деректер де бұл ұстамның дұрыс екендігін аңғартады. Бұл туралы, әлбетте, Әйтеке би мен Шөмекей тарихына жеткенде жеткізе айтып кетеміз. Демек,


Алты ата Әлім


дегеніміз азан шақырып қойған аттары төмендегідей аталар


1.Ұланақ

2.Қарамашақ

3.Жаманақ

4.Айнық

5.Тегінболат

6.Тайқожа


Әлімұлы


дегеніміз бірлестікке лақап аттарымен кірген төмендегі ру-тайпалар:


1.Қаракесек

2.Төртқара

3.Қарасақал

4.Шекті

5.Кете

6.Шөмекей


Бірақ осы жерде басын ашып айта кететін бір жайт бар. Алты ата Әлім құрамы сандық жағынан өзгермегендігімен ондағы аталар аттарын кейбір шежірешілер кейде әртүрлі етіп беріп жүр. Мәселен сыр ақыны Әлиакбар Жұматайұлы «Шежіре өлеңінде» бесінші етіп Шіңгір аталығын, ал Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресінде» алтыншы етіп Кенжебай (Құлтелі) аталығы ауызға алады. Сөйтіп одан Мамат, Түйте тарайды деп көрсетеді (Кіші жүз шежіресі. АтамұраҚазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 119 б.). Айтпағымыз, бұл қателік емес. Олардың бұлай жазуының өзіндік себебі бар. Бұл–Айнықтың тым ерте қайтыс болуы мен Тайқожаның ақкете болып, кетелер құрамына өтіп кетуіне орай Алты ата Әлім аталары өз санын кемітіп алғысы келмей, кеткендердің орнын өзіндегі өзге өскен буындармен толықтырып отырғандығынан демекпіз. Мәселен, Шіңгір Тегінболаттың ұлы. Ал Кенжебай болса, өзге біреу емес, Құлтелі деген лақап атпен берілген Тайқожаның ұлы дегіміз келеді. Өйткені Хамит Маданов Тайқожаның Қараш ұлынан тарайтын Мамат, Түйте ұрпақтарын осы Кенжебайдан (Құлтеліден) таратуы тегін емес. Біздіңше, Кенжебайдың өзі де лақап ат. Ол Тайқожаның Тұрсынбайдан кейінгі ұлы Қарашқа кенжелігіне орай осылай еркелетіп қойылған есім, Х.Маданов соны біліп, жазып отыр деп шамалаймыз. Кенжебай (Құлтелі) есімі тек бір соның шежіресінде айтылуы осы ойымызды қуаттай түседі. (Кіші жүз шежіресі. Атамұра. Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 160 б.). Сонымен Кенжебай (Құлтелі) өзге, бөлек аталық емес, ол Қараш аталығы, соның лақап аты дегіміз келеді. М.Неталиевтің: «Тайқожаны бір автор Құлтелі деп атапты»,– деген сөздері де бұл екі аталықтың арасында біз тұспалдағандай өте тығыз байланыстың бар екендігін аңғартады («Атамекен». 08.03.2002 ж. 5 б. «3. Алты аталы Әлім», 4-бағана). Оның бір автор деп отырғаны осы Х.Маданов болмаса екен деп ойлаймыз. Мұның бәрі, әрине, тереңірек зерттеуді талап ететін ұстам, деректер.

Осы ретте, қайран шежірешілер жазған кезде Алты ата Әлімнің өз сандарын кемітіп алмау үшін саптарына Айнықтың орнына Тегінболаттың ұлы Шіңгірді, ал Тайқожаның орнына оның ұлы Қарашты кіргізгендерін жұмбақтамай, неге бірден басын ашып, кесіп, ескертіп айтпайды екен деп толғанасыз. Сондықтан біз Алты ата Әлім кестесінің жоғарыда келтірген алғашқы ұстамын да, оның өмір ағымына сай өзгеріп кеткен кейінгі балама ұстамын да қатеге санамай, басшылыққа алу керектігін ескерткіміз келеді.

«Әлімұлы» туралы әңгімемізді әрі қарай осы ру-тайпалар бірлестігіне аты берілген Әлім баба мен оның ата-тегі кімдер деген сауалмен жалғастырғымыз келеді. Бұған жауапты ақын, сыншы, аудармашы, шежіре зерттеуші Мақсұт Неталиевтің 2002 жылдың 8 наурызында «Атамекен» газетінің 5-бетінде жарияланған «Кіші жүздің шежіресі» атты мақаласынан табамыз. Онда: «Кіші жүздің Әлім атасы жайлы айтылып та, жазылып та жүрген аңыз-әңгімелер, болжамдар аз емес. Олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да, түп төркіні бірдейге жуық болып басталады да, талдана, тармақтала келе бір-бірінен алшақтап, әр қияға тартып кетеді…Дұрысы былай: АлшыннанҚыдуар. Бұдан екі бала: Қайырбай (лақап аты Қаракесек) және Қыдырбай (лақап аты Байұлы). Көптеген шежірелерде Қайырбайдың жарлы болғандығынан ел оны Қаракесек деп атап кеткен дейтін сөз бар. Сол жарлы Қайырбай-Қаракесектің Тоқсұлу атты бәйбішесінен Байсары туады. Тоқсұлу қайтыс болған соң қайын атасы оған екінші қызын (Қағазды, авт.) қосқан көрінеді. ОданӘлім, Шөмен туады…»,-дейді.


На Facebook В Твиттере В Instagram В Одноклассниках Мы Вконтакте
Подписывайтесь на наши страницы в социальных сетях.
Будьте в курсе последних книжных новинок, комментируйте, обсуждайте. Мы ждём Вас!

Похожие книги на "Шежірем сыр шертсе"

Книги похожие на "Шежірем сыр шертсе" читать онлайн или скачать бесплатно полные версии.


Понравилась книга? Оставьте Ваш комментарий, поделитесь впечатлениями или расскажите друзьям

Все книги автора Тажис Мынжасар

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте на сайте онлайн библиотеки LibFox.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Отзывы о "Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе"

Отзывы читателей о книге "Шежірем сыр шертсе", комментарии и мнения людей о произведении.

А что Вы думаете о книге? Оставьте Ваш отзыв.